Британдық режиссердің «Тастандылары» Мәскеу кинофестивалінде үздік фильм атанды

None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - XXXIV Мәскеу халықаралық кинофестивалінде британдық режиссер Тиндж Кришнанның «Тастандылар» туындысы үздік фильм атанды,

 деп хабарлады Интерфакс.

 Кинофестиваль төрешілеріне бразилиялық режиссер Эктор Бабенко басшылық жасады.   Роман Прыгуновтың "Духлесс" туындысымен ашылған фестивальдің жабылу рәсімінде Кристофа Оноренің "Сүйіктілер" фильмі көрсетіледі.