Британдық сәби ханшайымға Шарлотта Элизабет Диана деген есім берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кембридж герцогы мен герцогинясының қызы, дүниеге келген сәби-ханшайымға Шарлотта Элизабет Диана деген есім берілді, деп хабарлады Би-би-си Кенсингтон сарайына сілтеме жасап.

Салмағы 3,7 келі сәби сенбі күні Лондонның батысындағы Паддингтон ауданындағы Сент-Мэри ауруханасында дүниеге келді.

Ханшайымның ағасының есімі 2013 жылғы шілдеде дүние есігін ашқаннан кейін екі күн өткен соң - монарх отбасындағы стандарт бойынша өте тез қойылған болатын. Ханзада Чарльздың есімі 1948 жылы бір айдан соң, ханзада Уильямның есімі - 1982 жылы бір аптадан кейін қойылды.