Британдық саяси және қоғам қайраткерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етілді
14:43, 10 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 8 желтоқсанда Қазақстанның Лондондағы Елшілігінде британдық саяси және қоғамдық қайраткерлерге, олардың ішінде Лордтар Палатасының мүшелері П.Фрейзер, Дж. Уэверли, Д.Херд, Лондон қаласының бұрынғы лорд-мэрі Дж.Статтард, Ш.Акиннер және Саксенның профессорлары мен тағы да басқа азаматтарға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдары табыс етілді,
Қазақстанның елшісі Қанат Абусеитов олардың британ-қазақстандық қарым-қатынасының орнығуына қосқан үлестерін атап өтті.
Британдық ресми адамдар Қазақстан басшылығының олардың қызметіне жоғары баға бергені үшін алғыстарын білдіре отырып, елімізде болатын Парламент сайлауының сәтті өтуіне тілектестік білдірді.