Британдық спортшы қыз 923 қыш сындырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық таэквондо шебері Лиза Деннис бір минуттың ішінде жабынқыш сындырудан әйелдер арасында әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлады UPI.

Guinness World Records Italian Show телебағдарламасында спортшы бір минуттың ішінде 923 қыш сындырды.

Алғашында Деннис бір уақытта екі қолымен де жабынқыш сындырды. Осылайша, жабынқыштардың үштен екі бөлігін тауысты. Ал аяқ жағында спортшы оң қолымен ғана жұмыс істеді, сондықтан өзі мақсат тұтқан мың жабынқышты сындырып үлгермеді.

Британдық қыз көрсеткен нәтиже Гиннестің рекордтар кітабына енетін болды.

Бір қызығы, ерлер арасындағы мұндай рекорд оның күйеуіне тиесілі.