Британдық спортшылардың олимпиадалық медальдарын ұрлап кетті
11:02, 25 Қазан 2012
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Лондондық полиция Олимпиада-2012-де еншілеген британдық спортшылардан ұрланған 2 медальдің оқиғасын тексеруде.
Олар наградалардың сәрсенбіге қараған түні болған кеш кезінде жоғалғандығын айтқан, деп хабарлады Би-Би-Си.
Көгалдағы хоккей турнирінің қатысушылары Ханна Маклеод пен қайық есуші Алекс Партридж қола медальдарынан айырылды.
Спортшылар британдық олимпиадашылардың құрметіне Букингем сарайында өткен корольдік қабылдауда болған кештен соң ұрланған.