Сауда орындары үшін арнайы дайындалатын ауыз суының 1 литрі 17 пенс (40 теңге) тұрады. Салыстыра кетсек, белгілі Evian француздық брендінің 2 литрлік минералды суы 88 пенс (205 теңге) болады. Газеттің жазуынша, супермаркеттер кәдімгі кранның суын фильтрден өткізіп, сата береді екен.
Дегенмен, сауда желілерінің өкілдері өздерінің кран суын сататындарын мойындаған. Алайда олар оны арнайы фильтрден өткізіп, хлор мен басқа да қоспалардан арылтатындықтан, өздерінің сататын суын әсте кранның суы деп атауға болмайтынын мәлімдеді.
Осыған байланысты туындаған жанжалда елді ауыз сумен қамтамасыз етуге жауапты британдық Water UK компаниясы кран суының таза екендігі соншалық, тіпті оны ешқандай фильтрден өткізбей-ақ пайдалана беруге болатынын айтып, сауда желілеріне ренішін білдірген. Компаияның мәліметінше, тексеріске жіберілген су үлгілерінің 99,96 пайызы денсаулыққа еш зиян келтірмейтіндігі дәлелденген.
Tesco Ұлыбританиядағы бөлшек сауданың ең үлкен жүйесі, ал әлемдік нарықта ол үздік төрттіктің қатарына енеді. Asda болса, америкалық Wal-Mart сайда желісінің еншілес компаниясы, ол британ нарығында екінші орынға шыққан.