Британдық тілші: Головкин Канело үшін тым мықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ITV телеарнасының жүргізушісі Дин Эдвардс Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды prosports.kz.

«Меніңше, Головкин Канело үшін тым үлкен және тым мықты», - деп жазды Эдвардс твиттерде.

Айта кетейік, Головкин мен Канело 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.