Британдық түрмедегі бүлік
07:54, 23 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Кенттің Swaleside түрмесінің 60 тұтқыны бүлік шығарды.
Sky News хабарлауынша, түрме корпустарының бірін бақылау мүмкін емес, «толқулар әлі жалғасуда».
Түрме қызметкерлері түрменің қалған бөлігі қауіпсіз деп отыр.
«Оқиға бір корпуста ғана болды. Түрменің қалған бөлігі қауіпсіз және тұтқындар өз камераларында», - деді түрме өкілі.
Бұл соңғы екі айдың ішінде түрмеде орын алған төртінші оқиға.
Бұған дейін британдық Бирмингем түрмелерінің бірінде 600 тұтқын бүлік шығарған еді.