Британдықтар боулингтің қауіпті екенін дәлелдеді

None
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Британдықтарға боулингтің аса қауіпті көңіл көтеретін ойын екенін дәлелдеудің сәті түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Екі жылға жуық уақытты алған зерттеуге 250 мың фунт стерлинг (400 мыңнан астам доллар) жұмсалған. Сарапшылардың пікірінше, балалардың немесе жасөспірімдердің жолақтармен жүгіруі және кеглдер орнатылатын тетікке қыстырылып қалуы әбден мүмкін.

Денсаулық сақтау, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері басқармасының есебінде ересек адамдардың да, егер олар жолақпен жүрсе және кеглді қолымен құлатуға әрекет етсе, осындай қатерге ұшырауы мүмкін екендігі көрсетілген. Бірақ бұған дейін мұндай бірде-бір жағдайдың тіркелмегені де аталады.

Салық төлеушілер альянсінің өкілдері техника қауіпсіздігі басқармасының бірен-саран оқиғаларға бола бір жақты қорытынды жасап отырғанын мәлімдеді. Сарапшылар олардың мәнсіз зерттеуге қыруар қаражат жұмсағандарын айыптады.