Британдықтар қараңғыда жарық шашатын балмұздақ ойлап тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лестер кинотеатрында (Ұлыбритания) әлемдегі алғашқы қараңғыда жарық шашатын балмұздақ сынақтан өтті.

Сеанс басталмас бұрын жағдайдан бейхабар көрермендерге кәдімгі жалбызды балмұздақ таратылды, залда жарық өшкен кезде, тек ультракүлгін шамдар ғана қалды, сол кезде ғана олар балмұздақтың ашық-сарғыш жарық беріп тұрғанын байқады.

Футутуристік балмұздақты белгілі Bompas and Parr дизайнерлік тобы шығарған, деп хабарлады Kedem. Өнертапқыштар балмұздақтың жарық шашуы десерттің дәміне, құрылымына әсері жоқ рибофлавин қосылғандығында екенін айтты.

Қазір дизайнерлер десерт жұмысын әрі қарай жалғастыру үстінде.