НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Екі британиялық ұшқыш Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған әскери ұшақпен бүкіл әлемді айналып шықпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Олар дүйсенбіде ГудвудтағыБритания әуежайынан 76 жыл бұрын құрастырылған «Spitfire» жойғыш ұшағыменсаяхатқа аттанды.
Шамамен 4 айғасозылатын сапар барысында 43 мың шақырымнан астам қашықтықты ұшып өтіп, 90 мәртеаялдап, отыздан астам елге саяхат жасау жоспарланған.
Әскери ұшақ соғыскезінде 51 рет көкке көтеріліп, еш ақаусыз жұмыс істеген. Кейін мұражайғақойылған. Бүгінде ұшқыштар бірнеше қосымша жанармай құятын резервуарлардыорнатқан, қазір ұшақ 1 609 км қашықтықты еңсере алады.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.