Британдықтар үздік ғылыми жаңалықтардың ондығын таңдады

АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат - Британдықтар соңғы уақыттардағы ең маңызды он ғылыми жаңалықты іріктеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

Лондонның Ғылым мұражайы ұйымдастырған дауыс беруге 50 мыңға жуық адам қатысқан.

Британдықтар бірінші орынға рентген сәулесінің ашылуын және оны медицина құрал-жабдықтарында пайдаланатын жаңалықты қойды. Бұл нұсқаны 10 мың сауалнамаға қатысушылар қолдаған. Екінші орынды пенициллиннің ашылуы алды. Ұлыбритания тұрғындары үшінші орынға ДНК құрылымдарының анықтамасын орналастырды. Тізімде одан әрі «Аполлон-10» кемесінің және «Фау-2» баллистикалық зымыранының жасалуы, паровоздың, есептеуіш мәшиненің, бу қозғалтқышының, көпшілік автомобилдерінің және телеграфтың ойлап табылуы орналасты. Жаңалықтардың бұл тізімін Ғылым мұражайының қызметкерлері әзірлеген.