деп хабарлайды Вести.ру .
Сарапшылардың бағалауынша, аса құнды бұл тиындардың екі мың жылдық тарихы бар, ал жалпы салмағы шамамен 750 келі.
Мұндай дүниені серігі Ричард Майлзмен бірге тапқан 70 жастағы Рег Мед ағаш тамырларының астынан дауыл шығарып тастаған тиындар туралы естісімен, сол жерден қазына іздеуге шұғыл кіріскен.
Ғалымдардың пікірінше, ақшалар қазіргі Британияның солтүстігін мекендеген кельттік кориозолит тайпасының айналымында болған, ал қазына Юлий Цезарь басқарған Рим империясының шабуылы қарсаңында француздық кельттер көміп тастауы кәдік емес.
Ежелгі қазынаның жалпы құны шамамен 5 пен 16,5 миллион доллар аралығында деп бағалануда.