АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлыбритания Үкіметі қорғаныс шығыстарын қысқарту бағдарламасы аясында шамамен 1400 әскери қызметшіні әскер қатарын шығару туралы шешімін жария етпек, деп хабарлады ВВС.
Таратылған ақпараттарға қарағанда, әскер қатарынан шығарылатындардың басым бөлігін өз еркімен кететіндер құрайды. Айта кетерлігі, Ауғанстанда қызмет етіп жатқан жауынгерлерге қысқарту шарасы жүрмейді.
Ұлыбритания қарулы күштерін қайта құрылымдау бағдарламасы 2010 жылдан бері жүзеге асырылуда. Тұрақты армия саны 100 мыңнан 80 мыңға дейін қысқаратындығы жоспарланған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.