Америкалық Коламбуста Арнольд Шварценеггердің құрметіне Arnold Strongman Classic деп аталған турнирде осындай нәтижеге қол жеткізілді. Бұрынғы бодибилдер Эддиді қолдап, жаңа рекордымен құттықтады.
20:13, 09 Наурыз 2016
Британия азаматы салмағы 465 кг құрайтын штанганы көтерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Коламбуста өтіп жатқан Arnold Strongman Classic турнирінде британиялық Эдди «Зверь» Холл жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол 465 кг (1025 фунт) штанганы көтерді. Ол Deadlift жаттығуын орындады, деп хабарлады Росбалт.