Атап айтқанда 1 қаңтардан бастап ЕО ішінде Румыния мен Болгария азаматтарының сапарларынан деген шектеу тоқтатылады.
Осының алдында Мэй аталған шектеуді жоюға жол бермеу керек екенін, себебі бұл өз кезегінде жаппай көші-қонға алып келетінін айтқан болатын.
Айта кетейік, өткен аптада Британдық премьер-министр Дэвид Кэмерон Еуропалық одақ елдері ішінде еркін қозғалысқа шектеу енгізуді ұсынған еді. Оның сөзінше, адамдардың сенімін қайтару үшін ЕО-ға өзгерістер қажет. Осы орайда премьер-министр 2014 жылдың қаңтарынан шектеулер жойылғаннан кейін Румыния мен Болгариядан ағылуы мүмкін азаматтарға байланысты британдықтардың алаңдаушылығын атап өтті. Сонымен қатар ол Британия шетелдік мигранттардың жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алудағы құқығын шектейтінін мәлімдеді. Бұл тұрғыда ашық аспан астында күнелткендер немесе қайыршылықпен айналысып жүргендер ел аумағынан шеттетілетін болады екен.