Британия фунты едәуір арзандады

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Британиялық фунт Brexit «қатаңдығы» салдарынан соңғы үш жылда ең нашар көрсеткіштер көрсетіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы төрт күнде фунт 3%-ға төмендеді, себебіинвесторлар Ұлыбританияның 31 қазанда келісімсіз Еуропалық одақтан шығатынынаалаңдаулы.

Лондон мен Брюссель арасындағы келіспеушілікартып жатқандықтан, премьер-министр Борис Джонсон Еуроодақпен тиімді келісімжасауға ұмтылуда. Сондай-ақ, ЕО бас тартқан жағдайда, елді одан шығаруға дадайындап жатыр.

Сейсенбі күні стерлинг 0,8%-ке, 1,2119 долларғадейін құлап, еуроға шаққанда 0,5% - 91,64 пенске төмендеді.

Соңғы рет фунт 2016 жылдың қазанында төрт күнқатарынан құлап, валюта бағамы 6% - 1,1841 долларға арзандаған еді. Бұл жағдайбұрынғы премьер-министр Тереза Мэй Ұлыбританияның ЕО-дан шығатынын ресми түрдемәлімдеген кезде болды.

Автор: Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар