Британия Газа Секторына 27 миллион доллар бөлуге уәде берді

АСТАНА. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Газа Секторына көмек беру туралы шарасы аясында Ұлыбританияның жаңа коалициялық үкіметі аймаққа 19 млн. фунт стерлинг (27,5 миллион доллар ) бөлу туралы шешімін қуаттайды деп күтілуде,

деп хабарлайды Би-Би-Си-дің Орыс қызметі.

Бұндай шешім өткен дүйсенбі күні израильдік әскерилердің Газа Секторы жағалауына гуманитарлық көмек алып бара жатқан алты кемені басып алғаннан кейін қабылданған болатын.