Афинының қаржыға сұранысы жеті миллиард еуро. ЕО көшбасшылары Грекияға Еуропалық қаржылық тұрақтылық тетігінің қаражатын пайдаланып, бридж-кредит беруді теріс көрмейді. EFSM-ге ЕО-ның барлық мемлекеті, оның ішінде еуроаймаққа кірмейтін Ұлыбритания да қатысады.
«Біздің ұстаным әрдайым нақты - британдық салық төлеушілердің ақшасы Грекия бойынша еуроаймақтың уағдаластығын қаржыландыруға пайдаланылмауы тиіс. Сондықтан да бұл мүмкін емес», - деген Кэмерон өкілінің сөзін келтірді Рейтер агенттігі.
«Пікірталас бүгін өтуде. Бірқатар елдің білдірген ойы алаңдаушылық туғызуда. Кейбір мәселелер оңынан шешіледі деп ойлаймын», - деді ол.
Кеше Британия қаржы министрі Джордж Осборн британдықтардың Грекияға көмекке қатысу идеясын мүмкін емес деп мәлімдеді.