Британия қарулы күштері Ауғанстандағы соңғы әскери базасын тастап шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда Британия бақылауында болған соңғы әскери база Ауған Қарулы күштеріне берілді. Осымен Британия Қарулы күштері бұл елдегі әскери іс-қимылдарын тоқтатты, деп хабарлады ВВС.

Гильменд провинциясындағы Кэмп-Бастион - британ әскерлерінің негізгі базасы. Бүгін сонымен қатар, Ауған үкіметіне америкалықтар иелігінде болған Кэмп-Левернек базасы да тапсырылды. Кэмп-Бастионда Британия жалауы төмен түсірілді. Айта кетейік, Ауғанстанда 2001 жылдан бері барлығы 140 мың ағылшын әскери қызмет етсе, соның 453-і қаза тапты.