Британия қиратудан зардап шеккендерге 10 млн. фунт көмек береді

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі ел аумағы қалаларындағы тәртіпсіздіктерден қираған көше, ғимараттарды қалпына келтіріп, оның зардаптарын жою үшін 10 млн. фунт стерлинг көмек бөлмекші,

деп хабарлайды РИА «Новости».

Қаржыны қалпына келтіру жөніндегі арнайы сызба бойынша көмек аясында жергілікті кеңестер арасында теңдей бөлу мәселесі қарастырылған. Көмек алуға үйлері мен тұрығылықты мекен жайларындағы шаруашылығы сақтандырылмағандар да үміттене алады.