Британия барлау қызметі бұл жағдайды біле тұрса да, үкімет беделіне нұқсан келтіруі мүмкін деген себеппен жағдайға қарсы әрекет етпеген. Ал, құпиясы ашылған құжаттарда «МИ-5» Белфрадж келтірген зиянның қаншалықты екенін толық сезінбегенін айтады.
Тарихшылардың пікірінше, Седрик Белфрадж КСРО арнайы қызметі үшін «Кембридж бестігінен» де (1930-50 жылдары Кеңес Одағының пайдасына тыңшы болған британдық истэблишмент мүшелері) бағалы агент болған.