АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Британдық үкімет адам саудасына қатыстыларға жаза ретінде өмір бойы абақтыға тоғыту шарасын ұсынып отыр.
ІІМ басшысы Тереза Мэйдің сөзіне қарағанда, бұл шара мүлкін тәркілеумен бірге іске асырылса, онда қылмыскерлер қаймыға түсуі тиіс.
Заң жобасында сонымен қатар адам саудасы ісі жөніндегі уәкілдің қызметін құру қарастырылып отыр.
Үкіметтік есепте атап өтілгендей, Британия аумағында «қазіргі заманғы құлдықтың» 10 мыңнан кем емес құрбандары өмір сүріп жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.