Британия Манчестердегі терактіден кейін өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Корольдіктің тәуелсіз партия мүшесі және Ұлыбританияның атынан сайланған Еуропарламент депутаты Дженис Эткинсон 20-дан астам жеткіншектің өмірін қиған Манчестердегі шабуылдан кейін лаңкестік әрекетпен байланысты қылмыстар үшін өлім жазасын тағайындауды қайтаруды ұсынды. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Эткинсон Біріккен Корольдіктің тәуелсіздік партиясы (UKIP) парламентке өтетін болса, өлім жазасын қайтару туралы мәселе референдумға шығарылуы мүмкін екендігін айтты.

«Біз қазір соғыс жағдайындамыз, бірақ әскери қылмыстар мен лаңкестіктің өршіп кетуіне жол бере алмаймыз. Біз бүгін өлім жазасының террористік қылмыс үшін қайтарылатынын жариялауымыз керек. Емдеуден көрі профилактика жасаған жақсы», - деп мәлімдеді ол.

Сонымен қатар, партия мүшесі Дэвид Шаллис «Известияға» UKIP-тің өлім жазасын қайтару бойынша мақсатты саясаты жоқ екендігін түсіндірді.