Мұндай шешімге Африка мен Азия елдерінен келген миграттар тоннель арқылы екі елдің шекарасын заңсыз кесіп өтуі басты себеп болып отыр. Ресми деректер бойынша, тек шілде айында Кале портында Африка және Таяу Шығыс елдерінен келген 5 мыңға жуық заңсыз мигрант Британияға өтпек болған. Күніне мыңдаған адам Францияның Кале қаласынан Британияға тоннель арқылы өтуге әрекет жасайды. Ирак, Сирия, Ливаиядағы қақтығыстарға байланысты олардың қатары ұлғайып барады.
07:07, 19 Тамыз 2015
Британия мен Франция Ла-Манштағы қауіпсіздікті күшейтпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия мен Франция Ла-Манш бұғазы арқылы өтетін тоннельдегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған ортақ келісімге қол қоймақ, деп хабарлады «Би-Би-Си» агенттігі.