Британия мешіттеріндегі жарылысқа екі украиндық азамат күдіктелуде

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - Британ полициясы 21 маусымда Орталық Англия мешіттеріндегі жарылысқа күдікті екі адамды ұстады, деп хабарлайды РБК.

Күдіктілер Бирмингем төңірегінде тұтқындалған. Олардың бірі - 22 жаста, екіншісі - 25-те. Бейресми ақпарат бойынша, екеуі де Украинадан шыққан келімсектер.

Естеріңізге сала кетейік, Типтон қаласында бір апта бұрын жергілікті мешітте жарылыс болған. Бомба жұма намазы басталар уақытта жарылған. Террорлық акт нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ. Екінші жарылыс Уолсолл қаласында 21 маусымда орын алды. Онда да құрбандар болған жоқ.