Британия министрі жалаңаш суреттері үшін қызметінен кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия министрі Брукс Ньюмарк БАҚ-та жарияланып кеткен жалаңаш фотосуреттері үшін отставкаға кететін мәлімдеді, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА.

«БАҚ беттерінде ашық-шашық суреттерім жария болғандықтан мен отставкаға кету керек деп шештім», - деді ол сұхбатында.

Брукс Ньюмарк - 5 баланың әкесі. Ол интернет арқылы жас қыз болып танысқан журналиске жалаңаш суреттерін жіберген. Премьер-министр Дэвида Кэмерон оның өтінішін қанағаттандырып, Ньюмарктың міндетін Роб Уилсонға жүктеді.