Британия парламентінде король отбасының шығындары сынға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда мемлекеттік есеп-қисап жөніндегі парламент комитеті корольдің отбасын ұстауға қомақты қаражаттың шығын болатынына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Би-би-си.

Комитет мүшелері Букингем сарайы бұл ақшаны одан пайдалырақ істерге жұмсаса, жөн болар еді, деп санайды.

Сондай-ақ комитет өкілдері ел билеушісі жанұясының қажеттіліктеріне бөлінетін қаржыны қатаң бақылауға алмай отырғаны үшін үкіметке ескерту жасады.