«Терактіні жасаған ер адам Ұлыбританияда туған. Бірнеше жыл бұрын MI5 (британдық арнайы қызмет - ред.) оған қатысты экстремизм бойынша іс қозғаған», - деді Тереза Мэй.
Премьер-министр ол жолы лаңкестің іске тікелей қатысы болмағанын, екінші дәрежелі қатысушы болғанын айтты. Ал соңғы уақытта күдікті бақылауда болған.
«Біздің жұмыс нұсқамыз бойынша шабуыл жасаған адам жалған исламдық идеологиямен «ауырған» болуы ықтимал», - деді британдық премьер.
Одан бөлек Мэй британдық полиция өткен түні Лондонда және Бирмингемде тексеру жұмыстарын жүргізіп, 8 адамды тұтқынға алғанын мәлім етті. Сондай-ақ ол лаңкестік кезінде 11 елдің азаматтары жапа шеккендігін айтты.
«11 мемлекеттік азаматтары жапа шекті: 12 британық, 3 француз, 2 румын, Оңтүстік Кореяның 4 азаматы, 1 неміс, 1 поляк, 1 ирландиялық, 1 Қытай азаматы, 1 итальяндық, 1 АҚШ азаматы және 2 грекиялық азамат», - деді Мэй.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні автокөлік Вестминстер көпірінде адамдарды таптап өткен. Кейін парламент ғимараты жанына барып тоқтаған лаңкестің көзі жойылды. Шабуыл жасаушы бір полицейге пышақ салып үлгерген, кейін сақшы ауруханада көз жұмды. Теракт кезінде 4 адам қаза тапты.