Британия тұрғындары ескі орындықтан құны 5000 фунттық әшекейлер тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ерлі-зайыпты Мильнер-Браун небәрі бес фунтқа сатып алған ескі орындық енді оларға бес мың фунтқа жуық қаржы әкелмек. Бұған себеп, жиһаздың ішіне тыққан әшекейлі заттар болды.

Орындықтың арқалығына гауһар таспен безендірілген танамоншақ, сырғалар мен жүзік жасырылған, деп хабарлайды Life.ru.

Бір қызығы, бұл құнды заттарды орындықты сатып алғаннан кейін алты жыл өткен соң, ерлі-зайыптылар оның босаған жерлерін тартпақ болған сәтте тапқан.

Мамандардың айтуынша, 19 және 20 ғасырларда жасалған асыл бұйымдардың құны шамамен бес мың фунтты құрайды.