«Адамдар көздері мен тамақтары шаншып ауырды деп шағымданған, - делінген графтықтың полициясы таратқан хабарламада. - Ешкім аса қатты жапа шекпеді және ешкім ауруханаға жатқызылған жоқ».
Полицияға газ бұлттары туралы алғашқы хабарлама жексенбі күні кешкісін Берлинг Гэп елді мекенінен түскен. Теңізде демалып жүрген 50 адам көздері мен тамақтарының ауырып жатқандығын айтып, шағымданған. Жедел қызмет жағалаудағы адамдарды эвакуациялап, жергілікті тұрғындарға көшеге шықпай, есік пен терезелерді жабық ұстауға кеңес берген.
Аталмыш бұлттардың Ұлыбританияға Ла-Манш бұғазынан келгендігі аталып өтіледі. Арнайы қызмет оның пайда болу себебін анықтауда.