Бірінші кезекте Британияда тұру құқығы әйелдерге, қарттар мен мүгедектерге ұсынылмақ.
Бұдан бұрын БҰҰ іргелі елдерді 30 мың сириялық босқынды қабылдауға шақырған болатын. Лондондағы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің өкілі Британияның босқындардың кейбір санаттарына баспана беру тұрғысындағы шешімін үміттендіретін белгі деп мәлімдеді.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, осының алдында британдық үкімет Сирияға 1 миллиард доллар көлемінде гуманитарлық көмек жасағанын ескере отырып, бұл елдің босқындарын қабылдауды жалғастырудан бас тартқан болатын.
Айта кетейік, бүгінде Таяу Шығыс елдері өздерінің аумағында 2 миллионға жуық сириялықты орналастырды.