Британияда 100 көліктің қатысуымен болған жол-көлік апатында 8 адам қатты зардап шекті

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жүз автокөліктің қатысуымен жол-көлік апаты орын алып, оның салдарынан 8 адам қатты зардап шегіп, ондаған азамат жарақат алды. Бұл туралы Би-Би-Би хабарлады.

Бұл жол-көлік оқиғасы Кент графтық негізгі аумағымен Шеппи аралын байланыстыратын автокөлік көпірінде болды. Қазіргі кезде апат ауданындағы қозғалысқа шектеу енгізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің жаппай соқтығысуына қатты тұман себеп болуы мүмкін. Құтқарушылар әзірге автокөлік құрсауында қалып қойған бес адамды ғана босатып үлгерді.