АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия билігі 2040 жылдан бастап барлық бензин немесе дизель отынымен жүретін автокөліктердің сатылымына тыйым салмақшы.
Бұл жайлы Times басылымы хабарлайды.
- Ауа сапасының төмендеуі Ұлыбритания тұрғындарының денсаулығы үшін ірі экологиялық қауіп-қатер болып саналады. Сол себепті үкімет қысқа мерзім ішінде батыл әрекеттерге баруға дайын, - деген үкімет өкілінің сөздерін келтіреді басылым.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.