Мысықтар мен иттердің иелеріне қарапайым гигиеналық талапты ұстанып, қолды жиі жуу ұсынылады. Агенттік мәліметіне сәйкес, коронавирус есік тұтқасында сияқты қысқа уақытқа жануарлардың жүнінде де сақталуы мүмкін.
Британияның бас ветеринары Кристин Миддлмисс ВВС-ге айтуынша, «коронавирус жұқтырған ит мүлдем басқа сырқатпен емделуге түскен. Қазір жазылып келеді. Иттер коронавирусқа өте сирек шалдығады және бірнеше күнде аяғына тік тұрады».
Денсаулық қауіпсіздігі жөніндегі агенттік адамның коронавирусты үй жануарларынан жұқтыруына қатысты нақты қауіпті көрсететін жаңа мәліметтер пайда болған жағдайда, бұл туралы бірден хабарлауға уәде етті.
Айта кетейік, Сингапурде зообақтағы екі арыстанда коронавирус расталған болатын.