Мини-Винни атты Такса тұқымды күшік 12 жастағы Винни есімді иттің тері клеткаларынан клондалып шығарылған. Клондау жұмыстары Оңтүстік Кореяның зертханаларының бірінде жасалған.
«Винни - менің сүйікті итім. Ал, оның клеткасынан клондалған Мини-Винни атты күшік екеуі өте ұқсас. Бірдей уақыт ұйықтайды, таңертең бір уақытта тұрады», - дейді 29 жастағы келіншек.
Итті клондау 90 мың доллар тұрады екен, бірақ тұрғын бұл ақшаны төлемепті. Ол арнайы конкурс барысында осы мүмкіндікті жеңіп алған.