Лейтенанттар Максин Стайлз, Александра Олссон және Пенни Текерей сүңгуірлердің алғашқы арнайы курсынан өтті.
Ұлыбританияда су асты флоты құрылған 110 жылдың ішінде әйелдер мүлдем жұмыс істемеген. Бастапқыда су астында қызмет ету әйелдердің денсаулығына зиян деп есептелген. 2011 жылы бұл тыйымның күші жойылды. Осыдан кейін арнайы комиссия су астында жұмыс істеуге тек аяғы ауыр әйелдерге ғана рұқсат етілмейді деп белгілеген, деп хабарлады BBC Орыс қызметі.