Британияда демікпе дертіне қарсы жаңа дәрі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия дәрігерлері сынақтан өткізіп жатқан жаңа дәрі демікпе ауруынан зардап шегетіндердің азабын жеңілдетуі мүмкін, деп хабарлады ВВС.

Бұл зерттеу британиялық «Lancet» медициналық журналында жарияланды. Жүргізілген зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, Fevipiprant деп аталатын дәрі тәжірибеге қатысқан науқастардың тыныс алу жолының асқынуын азайтқан.

Ұлыбританияда 5 миллионнан астам адам демігіп ауырады. 2014 жылы елде 1200 адам осы дерттен қайтыс болған.