Британияда донорлық мүшені тасымалдаумен айналысатын ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Британияның Бирмингем қаласының әуежайында трансплантация жасауға арналған донорлық мүшелерді тасымалдайтын шағын ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан екі адам зардап шекті, оның біреуінің жағдайы нашар, деп хабарлайды Би-Би-Си-ге сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа аэродромды тұмшалап алған қалың тұман себепші болған. Осы оқиғадан кейін Бирмингемдегі халықаралық әуежай уақытша жабылды.