Голландиялық фирмаға тіркелген жүк көлігі Британияның оңтүстік-шығысындағы Харвич қаласына бара жатқан.
Шекарашылар Нидерландияның Хук-ван-Холланд портынан шыққан көлікті 11 қарашада ұстады. Ет турамасының арасына тығып, коробкаға салынған кокаинның салмағы 200 келіден астам болған.
Бұл есірткінің қара базардағы құны 20 миллион фунттан асады.
Жүк көлігінің жүргізушісі –48 жастағы нидерландық Роберт Тромпқа корольдік аумағына тыйым салынған контрабандалық жүк әкелгендігі үшін айып тағылды. Енді ол 12 желтоқсанға дейін қамауда болады.