Түрмеден басқа, Роджерсонға алты жыл бойы Ұлыбританиядағы кез келген футбол матчтарына баруға тыйым салынады. Бұл жағдай сәуір айында «Ньюкасл» 3:0 есебімен жеңілгенде орын алды. Ал Бад деп ат қойылған жылқы болса соққыдан зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
12:57, 31 Қазан 2013
Британияда футбол жанкүйері полицейдің атын ұрғаны үшін түрмеге түсті
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - 45 жастағы футбол жанкүйері Барри Роджерсон «Ньюкасл-Юнайтед» және «Сандерленд» матчынан кейін жаппай төбелес кезінде полицей атын тұмсығынан ұрғаны үшін бір жыл түрмеде отырады.