Кембридж герцогы мен герцогинясында сенбі күні екінші бала - қыз дүниеге келді, ол патшайым Елизавета Екіншінің бесінші шөбересі болды. Ол Кембридж ханшайымы атағына ие болады және атасынан, әкесінен және ағасынан кейін британ тағы кезегінде төртінші орын алады.
Барлығы 88-ші сынамалы алтыннан салмағы 40 грамға дейінгі 500 шақа соғылады, қалғаны күмістен жасалады және салмағы 28 грамм шамасында болмақ. Шақаның бір бетінде британ патшайымының портреті, екінші жағында - лалагүл бейнеленеді.
Би-Би-си телерадиокорпорациясының атап өтуінше, тағы 2015 күміс пенни ханшайым дүниеге келген күні туылған балаларға тапсырылады.