Британияда ханзада Георгтың алғашқы ресми фотосуреті жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияда ханзада Джордждың ресми фотосуреті жарияланды. Бұл оқиға алдағы сейсенбіде атап өтілетін британдық тақ мұрагерінің бір жасқа толуына арналды, деп хабарлады Росбалт.

Сурет авторы - Press Association агенттігінің фотографы Джон Стилвелл. Фотосурет бірнеше апта бұрын герцог пен герцогиня Кембриджскийлер ұлдарымен лондондық тарихи мұражайдағы «Керемет көбелектер» көрсмесіне барған кезде түсірілген.

Ханзада Георгтың туған күніне арналған салтанатты рәсім Кенсингтон сарайында өтеді. Жоғары мәртебелі ханзада Георг Александр Луи Кембриджский 2013 жылғы 22 шілдеде дүниеге келген. Ол атасы ханзада Чарльз мен әкесі ханзада Уилямнан кейін британдық тақ мұрагерлігіне үшінші үміткер болып табылады.