Неке қию ғұрпынан кейін жастар күймеде Букингем сарайына аттанады, онда олардың құрметіне бал болады. Дегенмен, британдық БАҚ-ты іс-шараның басқа тұсы, мысалы, қалыңдықтың көйлегі қандай болады деген мәселе көбірек алаңдатып отыр. Оларға жақын жүрген адамдар Кейттің киімі қарапайым әрі қазіргі заманға лайық болатынына сенімді.
12:14, 08 Қаңтар 2011
Британияда ханзада Уильям мен Кейт Мидлтонның неке қию бағдарламасы жарияланды
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Британиялық патша сарайы ханзада Уильям мен Кейт Мидлтонның неке қию бағдарламасын жариялады. Үйлену тойы осы жылдың сәуір айының соңына белгіленді. Хаттамаға сәйкес, үйлену салтанаты қалыңдық автокөлiкпен келетiн Вестминстер аббаттығында өтедi, деп хабарлайды "Россия 24″ телеарнасы.