Ұлыбританияның кейбір бөліктерінде, соның ішінде Йоркшир, түнде Уэльс, Солтүстік Ирландия және Шотландия сияқты елдерде қар жауды. Ұлттық автомагистральдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіп-қатердің сары деңгейі жарияланды. Ақ ұлпаның қалыңдығы 15 см-ге дейін жеткендіктен, аяз күшейіп, жол қозғалысы қиындап отыр.
Қолайсыз күн райына байланысты Британияда 200 мектеп жабылды. Синоптиктер ауа температурасы апта соңына дейін қалыпты межеден төмен болады деп болжады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлыбритания семіздікпен күресуге арналған дәріні сынақтан өткізетінін жазған болатынбыз.