Британияда күніне 16 литр кола тұтынатын әйел өмір сүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакки Баллан - 42 жастағы Ұлыбритания тұрғыны. Ол кішкентай кезінен бастап Diet Coke газдалған сусынын құмарта ішеді.

Бүгіндері Баллан күніне 8 литр сусын ғана ішеді. Бұрындары рекордсмен тәулігіне 16 литр сусын тұтынған. Егер ол күнделікті Diet Coke сусынын ішіп тұрмаса, басы қатты аурып, өзін жайсыз сезіне бастайды. Жаккидің айтуынша, ол әр 40 минут сайын кока-кола ішіп тұруы тиіс.

Тіпті ол мұны тастауға бел байлаған, алайда бұл оның еркінде болмай шықты.

Жакки бұл сусынға жыл сайын 4500 АҚШ долларын жұмсайды екен.