Би-Би-СИ-дің жазуынша, жарылғыш заттарды даярлау немесе сақтау тұрғысындағы лаңкестікке байланысты айыптыларды жауапкершілікке тарту мерзімін 14 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жеткізілмек. Британдық Әділет министрлігі өкілінің пайымынша, бейбіт адамның өмірі мен ұлттық қауіпсіздікке қатер тудырғандарға қатаң жазаны қолдану керек.
12:25, 10 Қаңтар 2014
Британияда лаңкестік үшін жаза күшейтілмек
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Ұлыбритания Үкіметі лаңкестікке қатысы барларға жазаны күшейту мәселесін қарастырып жатыр.