Ереуілге мұғалімдер, өрт сөндірушілер, муниципалдық кеңестердің қызметкерлері мен басқа бюджет саласының өкілдері қатысуда.
Кәсіподақтардың мәлімдеуінше, қызметкерлердің жалақысы күнделікті шығыстарды жабуға қауқарсыз. Үкімет өз кезегінде қатаң үнемдеу шараларына байланысты төлемдерді көтере алмайтындығын алға тартуда.
Бұл қазіргі Министрлер кабинеті жұмысы кезіндегі ең ірі ереуіл болып табылады.