Британияда пошта қызметкерлері ереуілге шықты

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Британияда пошташылардың бүгін басталған 48 сағаттық жалпыұлттық ереуілінің салдарынан Біріккен Корольдіктің пошта қызметі тоқтап қалды. Ереуіл басталған алғашқы сағатта-ақ, шараның ауқымды және кең көлемді екендігі байқалды. Корольдік поштаның 120 мың қызметкері жұмыстарын тоқтатып отыр,

 деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

 Белсенділер жұмыстарын  тоқтатқан 38 ірі пошталық сұрыптау  орталықтарын  жауып  тастады.    Корольдік пошта әкімшілігінің жұмысқа    уақытша  жұмысшыларды -  30 мыңдай  адамды  тартпақ  болған талпыныстары  әзірге нәтиже бермей  отыр.   Олар     поштаны сұрыптау  және жеткізу   жұмыстарын бастау  үшін  қажетті   тексерулерден   өтіп  үлгермеген.