Британияда шетелдік компанияларды иелерін жариялауға міндеттейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі ел аумағында мүлкі бар шетелдік компанияларды иелерін жариялауды міндеттейді. Елде жеке меншік бенефециарларының алғашқы қоғамдық тізілімі құрылады.

Ұлыбританияда мүлкі бар немесе оны сатып алғысы келетін, немесе үкіметтік келісімшарттардың конкурсына қатысатын шетелдік компаниялар иелерін жариялауы шарт, делінген ел премьер-министрі Дэвид Кэмеронның кеңсесі таратқан мәлімдемеде, деп жазды РБК.

Англиядағы және Уэльстегі шамамен 100 000 нысан шетелдік компаниялардың иелігінде, делінген мәлімдемеде.

Компаниялар жеке меншік бенефециарлары туралы ақпараттың қоғамдық тізіліміне тіркелуге міндеттеледі. Тізілім келесі айда іске қосылады. Франция, Нидерланды, Нигерия және Ауғанстан Британиядан үлгі алып, өз тізілімдерін құрады. Австралия, Жаңа Зеландия, Иордания, Индонезия, Ирландия және Грузия мұндай тетіктерді құру бағытында жұмыс істеуге уағдаласты.

«Шетелдік компанияларға арналған жаңа тізілім жемқорлардың қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Олар мемлекет қаражаты есебінен пайда таппайды», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар хабарламада Ұлыбританияда әлемдегі бірінші Халықаралық жемқорлыққа қарсы үйлестіру орталығы құрылатыны аталып өтілді. Ол Лондонда орналаспақ. Бұл ретте Британиямен АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Интерпол ықпалдасатын болады.